23
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығына орай 30 түп ағаш егу ұйымдастырылды
Биыл ел егемендігіне – 30 жыл. Міне, осы уақыттың ішінде мемлекет дамуының қай деңгейде дамығаны көпшіліктің көз алдында. Алғаш азаттыққа қол жеткізген сәтте дүние есігін ашқан ұрпақ қазірде ел үшін еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосар жасқа келді. Өткен тарих пен бүгінгі күнді сабақтастыра отырып, келешекке анық қадам бастайтын жастардың бүгінгі буынына артылған міндет жүгі де аз емес. Осыған орай, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығына орай 30 түп ағаш егу ұйымдастырылды. Ағаш отырғызуға мектеп директоры Б.Қыстауов және мектеп оқушылары белсене қатысты. Мектеп ауласына 30 түп шырша ағашын отырғызып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жастар санасына сіңіріп, өткен күнді ұмытпай, бейбіт заманның құндылығын биік тұтуды бір сәт естен шығармауды көздейтін мектеп оқушылары әркез елдің ертеңін нұрлы етуге дайын екенін тағы бір көрсетті.