27
февраль
2026
«Терроризммен күрес – баршаның міндеті»
2026 жылдың 27 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі базасында 8–10 сынып оқушылары арасында «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараны ДҚТЖО А.С. Иманжанов және АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж. Байтубаев өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға терроризм мен экстремизм ұғымдарын түсіндіру, олардың қоғамға тигізетін зардаптарын көрсету және қауіптің алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды.