23
сентябрь
2022
«Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы мәңгілік!»
2022 жылдың 22 қыркүйегінде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің акт залында қоғам қайраткері, публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы мәңгілік!» тақырыбында 6-сынып оқушыларының қатысумен іс-шара (көрініс) өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың зиялы қауым өкілінің өмірімен таныстыру, Ахмет Байтұрсынұлының қалдырған мол мұрасын болашақ ұрпақ бойына сіңіру, оқушылар арасында ағартушының еңбектерін насихаттау.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.