14
май
2024
«Әкеге қарап –ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер»
«Әкеге қарап –ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер»
ата-аналар сабағы
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Урок для родителей на тему «Роль семьи в воспитании ребенка»
Цель: Показать родителям их роль в обучении и воспитании. Способствовать переходу родителей от пассивного к активному участию в обучении и воспитании.
Жұмыс барысы
1.Ата-аналарды тәжі беру арқылы күтіп алу. Ата-аналарды тәждердің түстері арқылы топқа бөлу.
Вход под музыку. Каждый родитель получает корону.
Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің жиналысымызға қош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Добрый день, уважаемые родители! Я очень рада, что вы нашли время и пришли на наш урок.Мы надеемся, что здесь собрались те, кто хотят знать ещё лучше своих детей, хотят их понимать, прислушиваться к их мнению.
«Баласы бар ата-ананың басына киген алтыннан тәжі бар»деп қазақ атамыз айтқандай сіздердің барлықтарыңыздың бастарыңызда алтыннан киген тәжі бар.Олай дейтініміз сіздер балаларыңыздың арқасында алтын ұя білім шуағын шашқан мектебімізге жиналып отырсыздар.
Мектеп-лицейінің директоры: Койшиманова Нурила Сейсембаевнаға сөз беріледі.
Олай болса «Ашулы шарлар» тренингін жүргізейік.
С помощью шаров проводим тренинг.
-Сіз балаңыздың күнделігін қарадыңыз, сіздің балаңыз төмен балл алды. Сіз ашулысыз және шешім қабылдау керек?
-Вы открыли дневник и увидели, что у вашего ребенка двойка. Вам надо выяснить причину этого и принять решение.
Бейнеролик. (сабақтың тақырыбын ашу) https://youtu.be/aJb53tbTIB8?si=BlOv4uH0gkiPO1cO
- Сіздер әрқайсысыларыңыз өз отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
- Что в вашем пониманий образцовая семья?
Қорыта айта кетсек, ата-ана баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы болады.
«Сұрақ-жауап» әдісі
Бейнеролик не туралы?
Бейнероликте қандай іс-әрекеттерді байқадыңыздар?
Осы бейнероликке байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айта аласыздар. Ойларыңызды тұжырымдап айта кетсеңіздер.
Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»
Ата-аналарға тапсырма. Задания для родителей, исполняющих роль родителей.
1-топ. «Баспалдақ» жаттығуы. Әр баспалдаққа баланың алдындағы ата –ананың жауапкершіліктерін жазады.
Баланың алдындағы сіздердің міндеттеріңіз.
2-топ. «Жүрек жылу» жаттығуы. Мен баламның бақытты болуы үшін не істей аламын? Не істедім? Не істеп жатырмын?