Жеңгем-мінезімен көркем! » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
24
январь
2025

Жеңгем-мінезімен көркем!









Мектебімізде Даналық мектебі жобасының жоспары бойынша "Жеңгем-мінезімен көркем" тақырыбында 7-8 сынып оқушыларының жеңгелерімен кеңес өткізілді. 

Мақсаты: Отбасылық тәрбиедегі жеңгенің орнын анықтау

Міндеттері:

Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерімен таныстыру;

Жеңгемен сырласудың, сыйласудың астарын ашу;

Қайыніні, қайынсіңлілеріне білгенін үйретуді дағдыға айналдыру;

Ұлттық құндылықтар: Адалдық және жауапкершілік;

Күтілетін нәтиже:

Дәстүрлі тәрбиені қазіргі тәрбиемен байланыстыра алады

Отбасылық тәрбиедегі жеңгелік орнын түсінеді

Отбасындағыларға қамқорлық жасайды;

I. Ұйымдастыру бөлімі (10 мин). Мектеп ішінде жеңге туралы әуен ойналып тұрады. Ұйымдастырушылар келген қонақтарды (жеңгелерді) күтіп алып, алқалы жиын өтетін жерге алып барып, орналастырады. Іс-шара өтетін жерде бүгінгі таңда жеңгелердің қоғамдағы, отбасындағы орны, қызметі туралы айтылып жатқаны дұрыс. Ерте келген қонақтар аз да болса ақпарат алады. Бұл шараны тым ресми қылмай, мектеп әкімшілігі рұқсат етсе, шай іше отырыпта өткізуге мүмкіндік бар. Онда «Шай үстіндегі әңгіме» болады. Сырттан келген жеңгелердің бірден әңгімеге араласып кете алмайтыны белгілі, сол себепті мектепте істейтін мұғалім жеңгелердің дайындықпен келгені дұрыс болар еді.

Жаныма жаны жақын ағадан да,

Сырды ұғар қабағымнан қарағанда.

Әзілдеп, ақтарылып, еркелетіп,

Сендердей ешкім мені бағалар ма?!, -

деп Фариза апамыз айтқандай, бір-бір үйдің отын тұтатып отырған аяулы

жеңгелер, қош келдіңіздер! Жеңеше – ағаның сүйіп қосылған жары, қайыніні

мен қайынсіңлінің сырласы. Бағзы заманнан бері қыз бен ұлдың

тәрбиесінде жеңгенің рөлі ерекше. Анаң ақылшың болса, жеңгең жақын тұтар сырласың, - деген сөз бекер айтылмаса керек. Қадірлі де қадірменді, жеңгелер! Бүгін өткізгелі отырған «Отбасы құндылығы:Жеңгелерге жеті кеңес» тақырыбындағы іс-шарамызға қош келдіңіздер! Жаһандану заманында жеңгенің отбасындағы, тәрбиедегі орнымен қатар «Жеңеше» деген атауының өзі жойылып бара жатқандай көрінеді. «Менің аппақ жеңешем» деп еміреніп тұратын қайынінілер мен қайынсіңлілердің де қатары азайып бара жатқандай... Неге? Бүгін бәріміз алқалы жиында (дөңгелек үстел) бас қосып, осы мәселені талқылайықшы.

1-спикер: Жақында интернеттен мынадай бір ақпарат оқыдым, авторы Сая Қасымбек. «Бала күнімізде ауылға түскен келін – күллі бала-шағаға

«жеңеше» боп шыға келетін. Руы, туыстығы ешкімді қызықтырмайды. «Жеңеше» – бітті!.. «Ақбас көкенің үйіндегі жеңешем босаныпты!» - деп, тайлытаяғымызға дейін қалмай, ауыл-үйді түгел шарлай сүйінші сұрайтынбыз. Шапқылауымызға дүмпу болып тұрған – жеңгелердің бөліп-жармастан бәрімізге бірдей қарауында жатыр. Осы кездері

ойлап қарасам, сол – «жеңеше» деп жүрегіміз үзіле сыйлаған жеңгелеріміз үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ауылдас қана екен». Сонда жасы кішілердің зор махабатына бөлену үшін оларды бөліп жармай, бәрін бірдей жақсы көруіміз керек екен ғой. Қазір біз бүкіл ауыл демей-ақ қояйықшы, өзіміз келін боп түскен үйдегі, әулеттегі күйеуіміздің жасы кіші іні-қарындастарын жақсы көре алып жүрміз бе? (Осы арада модератор осы мәселеге қатысты 2-3 жеңгені сөзге тартса...


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив